05 Мамыр, 2016

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің бұйрығы №249

258 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін
2015 жылғы 17 шілде,  Астана қаласы Ойын бизнесін ұйымдастырушының есептілікті ұсыну нысанын, Ойын бизнесін ұйымдастырушы ұсынатын есептілікті жинауды және талдауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы «Ойын бизнесі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағының 7-2) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Мына: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес ойын бизнесін ұйымдастырушының есептілік нысаны; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Ойын бизнесін ұйымдастырушы ұсынатын есептілікті жинауды және талдауды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істер комитеті (Е.Б. Қанағатов) заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жолдасын; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн мерзім ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды қамтамасыз етсін; 3) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастырсын; 4) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралар орындалған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде осы тармақпен көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметті енгізсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі А. МҰХАМЕДИҰЛЫ Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 шілдедегі № 249 бұйрығына 1-қосымша Нысан Ойын бизнесін ұйымдастырушының есептілігі Ұйым атауы _________________________________ Заңды мекенжайы ____________________________ Бизнес сәйкестендіру нөмірі ____________________ Берілген лицензияның нөмірі мен күні ___________ Ойын жабдығының атауы және түрі Ойын жабдығының саны Сериялық нөмірі Дайындаушы ел және зауыт Ойын жабдығының, ойын автомат-тарының техникалық жай-күйі Жабдықты тестілеу күні Бейнежазу жүйелерінің жай-күйі туралы мәліметтер Ойын автомат-тарына техноло-гиялық салынған ұтыстың белгі-ленген пайызы (ойын авто-маттары залда-рына) Ойын үстелдерінің санын өзгерту, жабдықты ауыстыру туралы мәліметтер Кассалар мен қызметкерлер саны туралы мәліметтер Негізігі қызмет түрінен түскен жалпы салық сомасы Бейне жазу жүйе- сінің атауы Саны Жай-күйі Жабдықты тестілеу күні Ауыстырған жабдық-тың сериялық нөмірі Лицензия алу кезінде көрсетілген ойын үстелдерінің саны Ойын үстелдерінің санын ұлғайту және қысқарту туралы ақпарат Елді мекен (облыс, қала) Кассаның орналасқан жері (мекен жайы) Қызметкерлер саны 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 Ұйым басшысы _____________________________ М.О. (болған жағдайда) Т.А.Ә (болған жағдайда) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 шілдедегі № 249 бұйрығына 2-қосымша Ойын бизнесін ұйымдастырушы ұсынатын есептілікті жинауды және талдауды жүзеге асыру қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Осы Ойын бизнесін ұйымдастырушы ұсынатын есептілікті жинауды және талдауды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ойын бизнесі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және ойын бизнесін ұйымдастырушы ұсынатын есептілікті жинау және талдау тәртібін айқындайды. 2. Есептілікті жинаудың және талдаудың мақсаты ойын бизнесі субъектілері қызметінің ойын бизнесі туралы заңнамаға сәйкестігіне мониторинг жүргізу болып табылады. 2. Есептілікті жинауды жүзеге асыру тәртібі 3. Есептілікті жинау осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептілікті (бұдан әрі – есептілік) ойын бизнесі саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) ойын бизнесін ұйымдастырушылардың ұсынуы арқылы жүзеге асырылады. 4. Есептілік қағаз тасығышта есепті кезеңнен кейінгі айдың 10 күнінен кешіктірмей тоқсан сайын беріледі. 5. Есептілік мынадай ақпаратты қамтиды: 1) ойын жабдығының, ойын автоматтарының техникалық жай-күйі туралы мәліметтер; 2) бейнежазу жүйелерінің техникалық жай-күйі туралы мәліметтер; 3) ойын автоматына технологиялық салынған ұтыстың белгіленген пайызы туралы мәлімет; 4) лицензия алған кезде көрсетілген ойын үстелдері санының өзгеруі, жабдықты ауыстыру туралы мәліметтер; 5) кассалар тізімі мен қызметкерлер саны туралы мәліметтер; 6) қызмет түрінен төленген жалпы салық сомасы туралы мәліметтер. 6. Есептілік ойын бизнесін ұйымдастырушы басшының не оны алмастыратын тұлғаның (міндеттерді жүктеу туралы бұйрық көшірмесін қоса беріп) қолымен, сондай-ақ ұйымның мөрімен куәландырылады (болған жағдайда) және уәкілетті органға жіберіледі. 7. Ұсынылған есептілік уәкілетті органда тіркеледі және оны оның тиісті құрылымдық бөлімшесі қарайды. 3. Есептілікті талдауды жүзеге асыру тәртібі 8. Уәкілетті орган ұсынылған есептіліктің негізінде барлық қажетті деректердің болуына және толықтығына талдауды жүзеге асырады. Ұсынылған есептілікті талдауға мыналар кіреді: 1) ойын бизнесін ұйымдастырушыларға қойылатын біліктілік талаптарға сәйкес келу тұрғысына қарау; 2) есептілікті тапсырмау немесе толық тапсырмау бойынша мәліметтерді қалыптастыру. 9. Талдау нәтижелері ойын бизнесі саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру бойынша ұсыныстарды дайындау үшін пайдаланылады. 10. Уәкілетті орган есептілікті жинау, қорытындылау және талдау жолымен ойын бизнесі ұйымдастырушыларының біліктілік талаптарды сақтауы туралы мәліметтерді қалыптастырады. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 26 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №11948 болып енгізілді.